«Қарағанды машина жасау колледжі» КММ базасында «WorldSkills Karaganda-2023» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты
20-04-2023 11:15
«Қарағанды машина жасау колледжі» КММ базасында  «WorldSkills Karaganda-2023» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты

      2023 жылдың 20 сәуірінде «Қарағанды ​​машина жасау» колледжінің базасында «Бағдарламалық басқарылатын  станоктарда токарлық жұмыстар» құзыреті бойынша екінші сайыс күні өтті.

Сынақ жобасының мақсаты:  бағалау схемасымен бірге стандарттар ерекшелігіне сәйкес толық және теңдестірілген бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады. Сапаның маңызды көрсеткіші, сынақ жобасы, балдық схема және стандарттар арасындағы байланыс болып табылады.

Байқау тапсырмасы келесі операциялардан тұрады:

  • қырқу операциясы;
  • бұрғылау операциясы;
  • сыртқы ойықтар операциясы;
  • сыртқы бұрғылау операциялары.

Қатысушылар келесі жұмыстарды орындады:

  • бөлшектің бірінші жағын өңдеу үшін патронға жақтарды орнату
  • бірінші жағын өңдегеннен кейін бөлшекті алу
  • бөлшектің екінші жағын өңдеуге арналған жұдырықшаларды реттеу.

Байқаудың екінші күніндегі жеребе бойынша 3 қатысушы келесі номинациялар бойынша бақ сынады:

  • 1-модуль – станокты баптау;
  • 2-модуль – бағдарламадағы жобалау жұмыстары;
  • 3-модуль – берілген бағдарлама бойынша станокта жұмысты орындау.
  • Жарысқа «Talap» ҰБА өкілдері қатысты.