2016 жылдың 24 ақпанында Теміртау көп салалы «Мирас» колледжінде қазақ тілі және әдебиеті пәндері оқытушыларының ОӘБ отырысы өтті.
24-02-2016 12:28
2016 жылдың 24 ақпанында Теміртау көп салалы «Мирас» колледжінде қазақ тілі және әдебиеті пәндері оқытушыларының ОӘБ  отырысы өтті.

    2016 жылдың 24 ақпанында Теміртау көп салалы «Мирас» колледжінде қазақ тілі және әдебиеті пәндері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің  отырысы өтті.

     Отырысты алғысөзбен ҚО ББД ОӘО әдіскері А.А. Еставлетова мен Теміртау көп салалы «Мирас» колледжінің директоры С.С. Шалабаева ашты.

         Теміртау көп салалы «Мирас» колледжінің оқытушысы Н.Т. Аманкельдин қатысушылар назарына қазақ тілі және әдебиеті пәндерін өткізуде қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдер жайындағы баяндамасын ұсынды.

         Тәжірибе алмасу мақсатында баяндамалар тыңдалды:

·     «Қазақ тілін мамандыққа сай оқытудың әдіс-тәсілдері» - Бақтыбаев К.Ж., Теміртау көп салалы «Мирас» колледжінің оқытушысы.

·     «Onlinе сабақ өткізу тәжірибесінен әдістемелік кеңес» -

Байбосынова А. Б., Сакенова Т.А. –  Теміртау медициналық колледжінің оқытушылары.

      Отырыс аясында студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында Теміртау қаласының 70 жылдық мерейтойына арналып өткізілген сабақтан тыс іс-шара да, ақын-жазушыларымен студенттер арасындағы кездесу де өз деңгейінде өтті.

      Отырыс соңында қорытынды жасалынып, ұсыныстар енгізілді, оқытушылардың барлығы дерлік іс-шара жайында оң көзқарастағы пікірлер қалдырды. Аталған шараға Қарағанды облысы колледждерінен 28 өкіл қатысты.