WorldSkills Karaganda-2023 аймақтық чемпионатының ашылуы
24-04-2023 16:54
WorldSkills Karaganda-2023 аймақтық чемпионатының ашылуы

      2023 жылдың 24 сәуірінде Теміртау жоғарғы политехникалық колледжінің базасында«Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Химиялық және зертханалық талдау», «СББ станоктарында фрезерлік жұмыстар» құзіреттіліктері бойынша «Worldskills Karaganda-2023»  өңірлік чемпионатының ашылуы өтті.

Облыстың 13 колледжінен 17 үміткер қатысады. 

Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар арасында жеребе және еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама, сондай-ақ сарапшының құзыреттілігіне тест, құзыреттер бойынша сарапшылар кеңесі, жұмыс орнын дайындау, тулбокстарды тексеру өткізілді.