«Worldskills Karaganda-2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты
27-04-2023 17:18
«Worldskills  Karaganda-2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты

      2023 жылдың 27 сәуірінде Қарағанды техника-құрылыс колледжінде «Жиһаз өндірісі» құзыреті бойынша «WorldSkills Karaganda-2023» аймақтық чемпионатының төртінші сайыс күні өтті.

Чемпионаттың барлық қатысушыларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізілді, жұмыс орнын дайындау ұйымдастырылды.

Конкурсанттар бағдарламаға сәйкес 3-модуль бойынша тапсырмаларды орындады.

Күннің қорытындысы бойынша сарапшылар критерийлерге сәйкес конкурстық тапсырманы бағалауды жүргізді.