«Worldskills Karaganda-2023» аймақтық чемпионатының аяқталуы
28-04-2023 16:27
 «Worldskills Karaganda-2023» аймақтық чемпионатының аяқталуы

      2023 жылдың 28 сәуірінде Қарағанды техника-құрылыс колледжінде «Жиһаз өндірісі» құзыреті бойынша «WorldSkills Karaganda-2023» аймақтық чемпионаты аяқталды.

Бағдарламаға сәйкес бұл күні сарапшылар  қатысушылардың бағаларын CIS жүйесіне енгізді.

Сонымен қатар қатысушыларға сертификаттар табысталып, келесі жылға бас сарапшы мен бас сарапшының орынбасарын сайлау өткізілді.