Размер шрифта:
«Болашақтың білімі: тенденциялар, міндеттер және жаңа мүмкіндіктер» облыстық ғылыми-практикалық конференциясының «Заманауи білім беру жүйесі: функционалдық сауаттылықтың негізгі бағыты» атты пікірталас алаңы
28-04-2023 07:41
«Болашақтың білімі: тенденциялар, міндеттер және жаңа мүмкіндіктер» облыстық ғылыми-практикалық конференциясының «Заманауи білім беру жүйесі:  функционалдық сауаттылықтың негізгі бағыты» атты пікірталас алаңы

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2023 жылдың 28 сәуірі күні «Болашақтың білімі: тенденциялар, міндеттер және жаңа мүмкіндіктер» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Заманауи білім беру жүйесі – функционалдық сауаттылықтың негізгі бағыты» атты пікірталас алаңы өткізілді.

Келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті:

1. Мухсинова Айгүл Мухсиновна, Қарағанды қаласы «№23 ЖББМ» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі;

2. Байкенова Айгүл Жұмабайқызы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі  «Екі Марте Кеңес Одағының батыры Т.​ Ж. Бегельдинов атындағы «Жас Ұлан» Қарағанды республикалық мектебі» РММ орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі;

3. Тарыбаева Әсем Қайратқызы, Тулешова Құралай Арыстамбайқызы, «Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ тарих пәнінің мұғалімдері;

4. Жанарбаева Баян Рахметулловна, Теміртау қаласы «Бірінші Теміртау классикалық лицейі» КММ математика пәнінің мұғалімі;

5. Байжуманова Лайлим Қанатқызы, Балқаш қаласы «Абай атындағы №2 мектеп-лицей» КММ информатика пәнінің мұғалімі;

6. Кузнецова Ольга Александровна, Приозерск қаласы «№2 ЖББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі;

7. Жаймина Мейрамгүл Абиятовна, Қарағанды қаласы «С. Саттаров атындағы мектеп-лицейі» КММ химия пәнінің мұғалімі.

Пікірталас алаңы барысында қатысушылар пікір алмасып, жұмыстың әртүрлі әдіс-тәсілдерімен танысты.