Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2023 жылдың 28 сәуірі күні «Болашақтың білімі: тенденциялар, міндеттер және жаңа мүмкіндіктер» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Заманауи білім беру жүйесі – функционалдық сауаттылықтың негізгі бағыты» атты пікірталас алаңы өткізілді.
Келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті:
1. Мухсинова Айгүл Мухсиновна, Қарағанды қаласы «№23 ЖББМ» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі;
2. Байкенова Айгүл Жұмабайқызы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Екі Марте Кеңес Одағының батыры Т. Ж. Бегельдинов атындағы «Жас Ұлан» Қарағанды республикалық мектебі» РММ орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі;
3. Тарыбаева Әсем Қайратқызы, Тулешова Құралай Арыстамбайқызы, «Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ тарих пәнінің мұғалімдері;
4. Жанарбаева Баян Рахметулловна, Теміртау қаласы «Бірінші Теміртау классикалық лицейі» КММ математика пәнінің мұғалімі;
5. Байжуманова Лайлим Қанатқызы, Балқаш қаласы «Абай атындағы №2 мектеп-лицей» КММ информатика пәнінің мұғалімі;
6. Кузнецова Ольга Александровна, Приозерск қаласы «№2 ЖББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
7. Жаймина Мейрамгүл Абиятовна, Қарағанды қаласы «С. Саттаров атындағы мектеп-лицейі» КММ химия пәнінің мұғалімі.
Пікірталас алаңы барысында қатысушылар пікір алмасып, жұмыстың әртүрлі әдіс-тәсілдерімен танысты.