2023 жылдың 3 мамырында онлайн режимде Тәрбие жұмысының кешенді жоспары аясында «Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері» атты семинар өткізілді.
Семинар спикерлері «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының өңірлік маманы Айгуль Рымбаевна Копбаева , «SOS Теміртау балалар ауылы» ЖБМ жастар қорғаншылығының басшысы Анна Викторовна Степанова және Абай көпсалалы колледжінің педагог-психологі Маржан Хамитқызы Асенова болды.
Жасөспірімдерге жыныстық тәрбие беру, әсіресе жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ Абай көпсалалы колледжінің «Ата-аналар мектебінің» жұмыс тәжірибесі таныстырылды.
Баяндамашылар ата-аналарға арналған іс-шараларды көбейту, «Отбасы өмірінің этикасы мен психологиясы» факультативтік пәнін енгізу, жасөспірімдерге қолдау көрсету, қарым-қатынас орнату сияқты ұсыныстарын айтты.
Іс-шараға Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 100-ден астам директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен тәрбие психологтеріқатысты.