2023 жылдың 05 мамыр күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығымен "Әжемнің ертегісі" жобасы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуындағы ертегінің рөлі" тақырыбында "Балдырған" арнайы балабақшасында семинар-практикум өткізілді. Семинардың мақсаты: қазақ халық ертегілерін пайдалану негізінде балаларды туған өлкесінің мәдениетімен таныстыру арқылы мектепке дейінгі ұйымның педагогтарының педагогикалық құзіреттілігін арттыру. Семинарда "Әжемнің ертегісі" жобасы аясында балалармен жүргізілген жұмыстың мынадай түрлері ұсынылды: "Алжапқыштағы ертегілер" дидактикалық оқу құралын пайдалану, мектеп жасына дейінгі балалардың көркем әдебиет оқуға қызығушылығын арттыру технологиясы ретінде "Буктрейлер" жасау, инновациялық технологияларды қолдану арқылы балалардың театрландырған әрекеті, "Ертегі-мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық саласын дамыту құралы ретінде" презентациясы, халық ертегілері негізінде дидактикалық дамытушы ойындар жасау ұсынылды. Семинарға Қарағанды, Приозерск, Шахтинск, Балқаш, Теміртау қалаларынан, Ақтоғай, Бұхар-жырау, Шет, Нұра, Осакаров, Қарқаралы, Абай аудандарынан 61 педагог қатысты.
"Әжемнің ертегісі" жобасы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуындағы ертегінің рөлі"