2023 жылдың 11 мамырында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы тірек-қимыл аппараты зақымдалған үйде оқитын балалармен жұмыс жасаудағы педагогтердің тәжірибесін тарату мақсатында психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеттерінің, инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептердің педагогтері үшін ҚО ББ «№ 2 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында «Әлеуметтік интеграция және үйде оқитын балаларды қолдау» жобасы аясында «Үйде оқитын балалармен тәжірибелік жұмыстағы заманауи білім беру технологиялары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізді.
Семинар «Идеялар практикасы» диалог алаңы формасы түрінде: ұйымдастырушылық, ақпараттық, практикалық, аналитикалық-рефлексивті төрт секцияда өткізілді. Семинар барысында «Іздеу. Қозғалыс. Даму», әдістемелік өнімдерінің көрмесі, «Өнерлі қол - бақытты жол» сәндік-қолданбалы бұйымдармен суреттер көрмесі ұйымдастырылды.