11.0.2023 жылы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен«Көркем еңбек» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Жас шебер» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсатытехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Бейнелеу өнері», «Материалды көркем өңдеу», «Қолөнер» бағыттары бойынша дарынды, шығармашыл студенттерді анықтау және қолдау болып табылады.
«Жас шебер» байқауынаоблыстың әр өңірінен 84 өтініш түсті, жоғарыда аталған 3 бағыт бойынша шығармашыл студенттер бақ сынасты.
Сонымен қатар, «Көркем еңбек» бөлімінің арнайы пәндер оқытушылары Б.И. Исполова, Е.А. Макенов, Е.И. Беляева, Д.И. Избасаров, Р.В. Дайч «Көркем еңбек» және «Дизайн» бөлімінің студенттерінің шығармашылық жұмыс көрмесімен таныстырып, ашық сабақ, шеберлік сыныптарын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Құрамына білікті мамандары бар әділ қазылар алқасы байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтады.
«Бейнелеу өнері» (графика, акварель, гуашь) номинациясы бойынша:
І орын: Валерия Александровна Журавлева, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі. Жетекшісі: Елена Ивановна Беляева;
ІІ орын: Виктория Викторовна Пикалова, Теміртау жоғары политехникалық колледжі. Жетекшісі: Виктория Владимировна Новикова;
ІІ орын: Лиана Гариковна Газарян, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі. Жетекшісі: Бибигуль Игенбаевна Исполова;
ІІІ орын: Инна Николаевна Лобанова, Қарағанды кәсіби-техникалық колледжі. Жетекшісі:Динара Ергалиевна Молдалимова;
ІІІ орын: Айым Сарсенбаевна Қайратова, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі. Жетекшісі: Нургул Азибековна Аманбекова;
ІІІ орын: Қарақат Қанатқызы Жұмабек, Балқаш көпсалалы колледжі. Жетекшісі: Куралай Нурмхановна Калкеева.
«Материалды көркем өңдеу» (табиғи материалдармен жұмыс) номинациясы бойынша жеңімпаздар:
І орын: Максим Витальевич Титов, Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі. Жетекшісі: Талгат Нагаметович Карибжанов;
ІІ орын: Аурика Игоревна Джазбекова, Қарағанды құрылыс-техникалық колледжі. Жетекшісі: Асель Сагинбаевна Сапарова;
ІІ орын: Зухра Маратқызы Кенжебек, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі. Жетекшісі: Нуржамал Дулатовна Кусайнова;
ІІІ орын: Аяулым Даниярқызы Жексембаева, Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі. Жетекшісі: Перизат ҚайыржанқызыТөлеген;
ІІІ орын: Кристина Андреевна Ярошевич, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі. Жетекшісі:Гакку Рымтаевна Торебаева;
ІІІ орын: Сабина Ринатовна Шаметова, Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі. Жетекшісі: Людмила Владимировна Кудашова.
«Қолөнер» (тоқу, тігу, кестелеу, өру, батик, киіз басу) номинациясы жеңімпаздары
І орын: Гүлбахрам Серікболқызы Сәулехан, Қарағанды сән колледжі.Жетекшісі: Сабина Серікқызы Түркен;
ІІ орын: Диляра Дүйсембайқызы Өндіріс, Қарағанды технология және сервис колледжі. Жетекшісі: Асемгуль Дуйсенбекқызы Есеева;
ІІ орын: Зере Каирова, Қарағанды құрылыс-техникалық колледжі. Жетекшісі: Ботакоз Камзахметовна Торегельдина;
ІІІ орын: Адия Бауыржанқызы Мукашева, Қарағанды құрылыс-техникалық колледжі. Жетекшісі: Ляззат Балтамуратовна Дюсекеева;
ІІІ орын: Яна Вячеславовна Серкина, Шахтинск технологиялық колледжі. Жетекшісі: Анастасия Олеговна Савенко;
ІІІ орын: Сабина Ардаққызы Социалова, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі. Жетекшісі:Нурбақыт Ерзадаевна Магрупбекова.
Байқауға қатысқан барлық студенттерге сертификаттар табысталды.