2023 жылдың 15 мамырында «Орыс тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбында онлайн семинар өтті.
Қатысушыларға келесі тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынылды: «Soft Skills дегеніміз не және ол неге маңызды» (В.И. Мутафян, М.А. Вегнер, Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі); «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану» (М.О.Сабырова, Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі); «Оқытудың инновациялық әдістерін қолдану арқылы болашақ мамандардың шығармашылық ойлауын дамыту» (Қ.А.Сүлейменова, Қарағанды қаласының медициналық университеті); «Әдебиет сабақтарындағы кейс әдісі» (Т.А.Байсаринова, Қарағанды агротехникалық колледжі).
Мәселелерді талқылау барысында интерактивті технологияларды пайдалану кезінде туындайтын мәселелер анықталды.
Сондай-ақ орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдануға ұсынылатын педагогикалық технологиялар жинағын қалыптастыру ұсынылды.
Семинарға облыстағы колледждердің 25 оқытушысы қатысты.