Колледж педагогтарына арналған «Орыс тілі мен әдебиетінің кеңдігі» облыстық байқауының нәтижелері
17-05-2023 16:39
Колледж педагогтарына арналған «Орыс тілі мен әдебиетінің кеңдігі» облыстық байқауының нәтижелері

      Оқу сауаттылығы апталығы және орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспары аясында 2023 жылғы 10-17 мамыр аралығында ТжКББ ұйымдарының педагогтеріне арналған «Орыс тілі мен әдебиетінің кеңдігі» педагогикалық идеялар мен шеберлік сайысы сырттай формада қашықтан  өткізілді. Ұйымдастырушылар – Қарағанды облысында білім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы мен «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ.

Іс-шараның мақсаты: бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігінде педагогтердің тәжірибесін жинақтау және ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру.

Қазылар алқасының мүшелері педагогтардың кәсіби, әдістемелік және шешендік шеберліктерін сарапқа салып, нәтижесінде үздіктер анықталды:

1 орын: Толқын Абаевна Байсаринова, Қарағанды агротехникалық колледжінің оқытушысы;

2 орын: Сания Саматовна Мурзабекова, Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің оқытушысы;

3 орын: Дариға Хайредденқызы Меңдібаева, Теміртау техникалық колледжінің оқытушысы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!