«Педагогтер, балалар және ата-аналар ұжымдарының интеграциясындағы экологиялық мәдениеттің рөлі» тақырыбында оқыту семинары
2023 жылдың 18 мамырында Қарағанды облысының арнайы мектеп-интернаттары директорларының оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін «Педагогтер, балалар және ата-аналар ұжымдарының интеграциясындағы экологиялық мәдениеттің рөлі» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинарды ұйымдастырушылар арнайы мектептердің педагогтерімен экологияландыру қағидаттарын іске асыруда құзыреттілікті қалыптастыру мәселелері бойынша пікірталас форматында диалог жасады.
Семинар ғаламшардағы экология мәселелері туралы жарқын театрландырылған қойылыммен аяқталды.