«WorldSkills Karaganda-2023» VII аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау және жабылу рәсімі
22-05-2023 17:08
«WorldSkills Karaganda-2023» VII аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау және жабылу рәсімі

       2023 жылғы 22 мамырда «WorldSkills Karaganda 2023» VIIаймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау және жабылу рәсімі өтті. Конкурс облыс колледждерінің базаларындағы45 құзыреттілік(кәсіп) бойынша 17 жарыс алаңында өткізілді.

«WorldSkills»  чемпионаттары жастарды экономиканың өндірістік секторына тартуға, индустриялық және сервистік кәсіптерді дамытуға ықпал етеді.

Мұндай чемпионаттар білікті кадрларды даярлауда жаңа идеялар мен трендтер жасайды, кәсіптік білім беру сапасын арттыруға және халықаралық деңгейдегі мамандарлықалыптастыруға мүмкіндік береді.

Аймақтық чемпионатқа 22 жасқа дейінгі 277 жас маман – колледж студенттері қатысты.

129 жүлдегер анықталды, оның ішінде 26 студент бірінші орынға ие болды. Бірінші орын алған жеңімпаздар «WorldSkills Kazakhstan-2023» республикалық чемпионатында Қарағанды облысының атынан қатысатын болады.

Жабылу салтанатына өңірлік чемпионаттың тәуелсіз сарапшылары мен колледждердің әлеуметтік серіктестері қатысты.