«Кәсіптік бағдар беру сағаты 2023» вебинарлар циклы басталды
17-05-2023 17:32
«Кәсіптік бағдар беру сағаты 2023»  вебинарлар циклы басталды

      2023 жылғы 17 мамырда «Кәсіптік бағдар беру сағаты  2023» вебинарлар циклі басталды. Вебинарлар облыстың барлық мектептері үшін ZOOM платформасында онлайн форматта, күн сайын 2023 жылғы 17-30 мамыр аралығында сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін өтеді.

Вебинарлардың мазмұны оқушыларға мамандық,  оқу бейінін таңдауда көмек көрсетуге бағытталған.

Вебинарлардың мақсаты білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.

Қарағанды облысының 53 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары өз презентацияларын көрсететін болады.