«Ұрпақтар сабақтастығы» облыстық отбасы фестивалі
20-05-2023 10:16
«Ұрпақтар сабақтастығы» облыстық отбасы фестивалі

      20 мамыр күні Қарағандыда халықаралық отбасы күні аясында «Ұрпақтар сабақтастығы» облыстық отбасы фестивалі өткізілді.

Іс-шараға ата-аналар қауымының өкілдері, оқушылар мен қонақтар қатысты. Фестиваль «Өсиет» аталар, «Ғибрат» әжелер, «Ұлағат» әкелер, «Мейірім» аналар мектептері мен «Қаһарман» ұлдар және «Тұмар» қыздар клубтары жобалары аясында ұйымдастырылды.

Фестиваль оқушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру бойынша білім беру ұйымдары мен ата-аналар қауымдастығы арасында ашық диалог үшін жағдай жасауға, отбасылық тәрбиенің озық тәжірибелерін, ұлттық құндылықтарды заман талабына сай бейімдеу үлгілерін көрсетуге бағытталды.

Іс-шарада ата-аналар мен фестиваль қонақтары үшін шеберлік сабақтары, шығармашылық алаңдар, спорттық ойындар, балалар мен ата-аналардың бірлескен жұмыстары қойылған көрмелер өткізілді. Ата-аналар мен қонақтар 8 алаңның жұмысын, флешмобты, хореографиялық және аспаптық оркестрлердің өнерін, «Тоғызқұмалақ» интеллектуалды ойынын тамашалады. Балалар мен ата-аналар, қала тұрғындары шахмат сайысына және спорттық-сауықтыру ойындарына қатысты.

Әр алаң 2022-2023 оқу жылының «Өсиет» аталар, «Ғибрат» әжелер, «Ұлағат» әкелер, «Мейірім» аналар мектептерінің және «Қаһарман» ұлдар мен «Тұмар» қыздар клубтары жобаларындағы мектеп пен отбасының бірлескен жұмыстарының қорытынды озық тәжірибелерін көрсетті.