Дөңгелек үстел жөсөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша
25-05-2023 10:34
  Дөңгелек үстел жөсөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша

      2023 жылдың 25 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында білім беру ұйымдары директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер мен педагог-психологтар үшін «Денсаулық аумағы - шексіз!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Корниенко Кирилл Александрович және Садвакасов Нурум Бегайович, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК психологы Кирьянова Алина Андреевна қатысты.

Кездесу барысында Қарағанды облысындағы нашақорлық мәселесі және оның алдын алу шаралары талқыланды, тәуелділіктің пайда болу себептері мен тетіктері қарастырылды.

«Денсаулық аумағы – шексіз!» облыстық байқауының, «Бейнеролик» номинациясының жеңімпаздары жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-тәжірибелерімен бөлісті.