2016 жылдың 26 ақпанында Теміртау техникалық колледжінде «Құқық негіздері пәнінен» олимпиада өтті
26-02-2016 03:42
2016 жылдың 26 ақпанында Теміртау техникалық колледжінде «Құқық негіздері пәнінен» олимпиада өтті

    2016 жылдың 26 ақпанында Теміртау техникалық колледжінде «Құқық негіздері пәнінен» олимпиада және аталған бағыт бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің отырысы өтті. Пәндік олимпиадаға Қарағанды облысының 14 колледжінен 34 студент қатысып, білімдерін сынады.

            Олимпиада екі кезеңнен тұрды:

-бірінші кезең (теориялық). Қатысушылар бұл кезеңде «Құқық негізі» пәнінен тест тапсырды.

- екінші кезең (тәжірибелік). Студенттерге екінші кезеңде тәжірибелік тапсырмалар ұсынылды.

            «Құқық» облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысында Экономика, бизнес және құқық колледжінің оқытушысы Альмухаметова Александра Геннадьевна «Кеңейтілген түрдегі оқу технологиясы, әлемдік тәжірибе» тақырыбында баяндама жасады.

            «Құқық» ОӘБ жетекшісі Абутаева Сапаргуль Базарбаевна бірлестік бағыты негізінде жасалған жұмыстардың сапасын анықтау және 2016-2017 оқу жылына жоспарланған қызметтер жайын білу мақсатында қатысушы оқытушыларға арнап сауалнама жүргізді.  Қатысушылар осы оқу жылындағы жұмыстарды жемісті, табысты деп бағалап, келесі оқу жылында да осы үлгіде жұмыс жасауға тілек білдірді.

            Ал олимпиада қатысушылары берілген барлық тапсырмаларды жүйелі түрде, жоғары дәрежеде орындап, өздерінің білім, білік дағдыларын көрсете білді.

            Қазылардың әділ шешімімен орындар төмендегідей дәрежеде болды:

1 орын – Жалгасова Бахтыгуль Жалгасовна, жетекшісі - Мухамедьярова Айгуль Зейнуллаевна, "Теміртау политехникалық колледжі"; 2 орын – Ермаков Алексей Сергеевич, жетекшісі - Сулейменова Алмагуль Жастлековна, КГКП «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі»  3 орын- Летягина Кристина Дмитриевна, жетекшісі - Букашкина Елена Викторовна,   «Казахмыс корпорациясының политехникалық колледжі»".

Жеңімпаздар сыйлықтар мен грамоталарға ие болып, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.