«Менің отбасым - менің шежірем» облыстық студенттік конкурсының қорытындысы
29-05-2023 17:21
«Менің отбасым - менің шежірем» облыстық студенттік конкурсының қорытындысы

      2023 жылдың 29 мамырында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Менің отбасым - менің шежірем» облыстық студенттік конкурсының қорытындысы шығарылды.

Байқауға үш номинация бойынша 25 жоба қатысты: «Біздің отбасымыздың бірегей дәстүрі», «Біздің отбасымыздың кәсіби әулеті», «Отбасылық мұра».

Байқау нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді:

1-орын -  Кевин Фиге, Теміртау техникалық колледжінің студенті, жетекшісі Аккыз Кусаиновна Бикенова;

2-орын –  Заңғар Ерланұлы Дүйсен , Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенті, жетекшісі Жанар Зекеновна Рахимова;

3-орын -  Артем Ананко, Шахтинск технологиялық колледжінің студенті, жетекшісі Людмила Николаевна Смук.

 Жеңімпаздарды құттықтаймыз!