Колледж әдіскерлеріне арналған практикалық семинар
29-05-2023 12:25
Колледж әдіскерлеріне арналған практикалық семинар

      2023 жылдың 26 мамырындаҚарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі колледж әдіскерлерінің облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберінде «Педагогикалық және әдістемелік идеялардың калейдоскопы» тақырыбындағы практикалық семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты: шығармашылық әлеуетті, кәсіби шеберлікті, педагогикалық менеджментті дамытуға және біліктілікті арттыруға, педагогикалық қызметтің нәтижелілігін арттыруға бағытталған өзара байланысты шаралар жүйесі ретінде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.

Бағдарламаға сәйкес жетекші инженерлік-педагогикалық қызметкерлер келесі тақырыптар бойынша жұмыс тәжірибелерін ұсынды:

-   «Оқу сабағының әдістемелік кейсі», Загайнова Ю.В., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі» КМҚК оқытушысы, Кашина Е.А., әдіскер;

-   «Оқу процесінде құзыреттілік-бағдарлы тапсырмалар технологиясын қолдану», Ишанкулова Р.М., «Қарағанды «BOLASHAQ» жоғары колледжі» ЖММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Ахатова А.А., әдіскер;

-   «Болашақ мамандардың заманауи әдістер мен инновациялық технологияларды практикада тиімді пайдалануы», Даулетбаева С.К., «Қарағанды «BOLASHAQ» жоғары колледжі» ЖММ директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары, Жолкенова Г., оқытушы;

-   «Кейс студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың инновациялық әдісі ретінде», Байсаринова Т.А., «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы.

ZOOM платформасында өткізілген семинарға облыс колледждерінің 53 педагогы қатысты.

Семинар жұмысын қорытындылаған кездегі кері байланыс колледж педагогтерінің инновациялық әдістер мен тәсілдерді жоғары деңгейде меңгергендігін және оларды оқу процесінде белсенді қолданатындығын көрсетті.