Размер шрифта:
9(10) және 11(12) сыныптардың қорытынды аттестаттауын өткізуге дайындық жөніндегі семинары
30-05-2023 16:11
9(10) және 11(12) сыныптардың қорытынды аттестаттауын өткізуге дайындық жөніндегі семинары

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 30 мамырда әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттары мен арнайы (түзету) мектеп-интернаттары директорларының орынбасарлары үшін 9(10) және 11 (12) сыныптар қорытынды аттестаттауды өткізуге дайындық мәселесі бойынша семинар-кеңес ұйымдастырды.

Семинар жұмысы барысында 9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын жеткізу мәселелері, бағалау мақсаттары, емтихан жұмыстарының сипаттамасы, балдарды бөлу, емтихан өткізу процесін басқару, емтихан жұмысы үшін балл қою және бағалау процесі және пәндер бойынша қорытынды аттестаттау ерекшелігіне сәйкес тапсырмаларды құру ерекшеліктері қамтылды.

         Семинарға Қарағанды облысының 150-ден астам білім беру қызметкерлері қатысты.