«Мемлекеттік рәміздер – менің елімнің мақтанышы» облыстық студенттік бейнероликтер байқауының қорытындысы
2023 жылдың 26 мамыры мен 2 маусымы аралығында Қарағанды облысы бойынша колледж студенттері арасында өткен «Мемлекеттік рәміздер – менің елімнің мақтанышы» атты облыстық бейнероликтер байқауына қатысушылардың 36 жұмысы бағаланды.
Қазылар алқасы жұмысының нәтижесінде келесі бейнеүзіктер авторлары максималды ұпай жинады:
1 - орын: Дариға Жеңісқызы, Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеттің жанындағы инновациялық технологиялар колледжі студенті;
2 - орын: Анастасия Мерк, Қарағанды агротехникалық колледжінің студенті;
3 - орын: Анатолий Котов, Абай көпсалалы колледжінің студенті; Арлан Онбаев, Қарағанды техника-құрылыс колледжінің студенті.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!