«Табыс симфониясы» педагогикалық шеберлік байқауының қорытындысы шығарылды
29-05-2023 12:09
«Табыс симфониясы» педагогикалық шеберлік байқауының қорытындысы шығарылды

       Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 29 мамырда жас педагогтарға арналған «Табыс симфониясы» байқауының соңғы кезеңдерін өткізді. Шет тілдерінің жас педагогтары өткізілген сабақтар сериясымен таныстырды, сондай-ақ пән, нормативтік-құқықтық құжаттама, методикалық әдістер  және эрудиция мәселелері бойынша сұрақтарды қамтитын зияткерлік конкурс сұрақтарына жауап бере отырып, өз білімдерін көрсетті.

Байқау жеңімпаздары келесі қатысушылар болды:

1 орын- Байбекетова Акерке Бегдуллаевна, Қарағанды облысы, «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей интернаты»  КММ ағылшын тілі мұғалімі.

 

2 орын– Витвицкая Юлия Юрьевна, Қарағанды қ. «Шәкәрім атындағы гимназия».

2 орын- Қасым Жаңагүл Бекайдарқызы, Қарағанды облысы, «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей интернаты»  КММ ағылшын тілі мұғалімі.

3 орын-Туракова Мадина Амантайкызы, Қарағанды облысы «№2 БИЛ» ММЛИ» КММ ағылшын тілі мұғалімі.

3 орын - Сейдіғазы Балжан Дарханқызы, Қарағанды қ. «Қ. Нұржанов атындағы гимназия»КММ ағылшын тілі мұғалімі.

3 место– Сулейменова Еркежан Аманжоловна, Қарағанды қ. «Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММағылшын тілімұғалімі.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!