Мектеп-интернат аттестатталушы тәрбиешілерге арналған оқыту семинар
06-06-2023 15:19
Мектеп-интернат аттестатталушы тәрбиешілерге арналған оқыту семинар

      2023 жылдың  6 маусымында оқу-әдістемелік орталығы Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжі мен Қарағанды облысының арнайы білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне аттестаттаудың жаңа қағидалары бойынша оқыту семинар өткізді.

Оқыту семинары барысында оқу-әдістемелік орталықтың спикерлері бөлім меңгерушісі А. З. Мұхамедьярова және әдіскер А. Х. Қалмағамбетова педагогтерді аттестаттаудан өту кезеңдерін, портфолионы бағалау критерийлерін, біліктілік санатын мерзімінен бұрын беру тәртібін, 30 және одан да көп жылдық педагогикалық өтілі бар педагогтарды аттестаттау тәртібін және басқа да мәселелерді түсіндірді.

          Семинар соңында педагогтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. 100-ден астам педагог қамтылды.