Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Радуга идей» бейнесабақтар байқауының қорытындысы шығарылды
07-06-2023 07:48
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Радуга идей» бейнесабақтар байқауының қорытындысы шығарылды

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Радуга идей» бейнесабақтар байқауының қорытындысын шығарды. Байқау орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби өсуін ынталандыру және әдістемелік шеберлігін арттыру мақсатында өткізілді. Байқауға орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің 28 шығармашылық жұмыстары қаралды. Мұғалімдерге оқу бағдарламасының күрделі тақырыптары бойынша онлайн оқыту сабағын дайындау қажет болды. Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды: материалдың сабақтың жарияланған тақырыбына сәйкестігі; сабақтың тақырыбын ашудың толықтығы, мұғалімнің сабақ мақсаттарына жетуі; оқытудың белсенді әдістері-тәсілдерін қолдану; инновациялық технологияларды пайдалану; дизайн және түсіру сапасы; өзіндік ерекшелігі; шығармашылық даралықтың көрінісі; материалды кеңінен қолдану мүмкіндігі.

 

Келесі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері байқаудың жеңімпаздары атанды:

I орын- Фишер Елена Борисовна, Теміртау қ. «БТКЛ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

II орын- Айнабекова Жанар Базархановна, Балқаш қ. «Әл-Фарабиатындағы ОМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

II орын- Лепехина Надежда Викторовна, Теміртау қ. «№11 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

III орын- Лось Татьяна Николаевна, Балқаш қ. «№1 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

III орын– Садуакас Каламкас, Шет ауданы «Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі жанындағы интернат (ресурстық орталық)» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Келесі мұғалімдер алғыс хаттармен марапатталады:

Артыкбаева Сауле Жаксылыковна, Бұқар жырау ауданы «Үштөбе тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Ержанова Анар Асылхановна,  Нұра ауданы «Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі жанындағы интернат (ресурстық орталық)» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Цемох Светлана Михайловна, Қарағанды облысы «Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Жумашева Динара Рымжановна, Қарқаралы ауданы білім бөлімінің Егіндібұлақ ауылының «Қажыкен Смайылов атындағы №43 жалпы білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық) жанындағы интернат» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Байқаудың қалған қатысушыларына сертификаттар беріледі. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!