Оқу-өндірістік процесті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы
07-06-2023 07:53
Оқу-өндірістік процесті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы

      2023 жылдың 07 маусымында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөліміоқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарлардың облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберінде оқу-өндірістік процесті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді.

Отырысқа облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдары директорларының 7 орынбасары қатысты.

Отырыс барысында «Педагогикалық идеялар марафоны: әдістемелер, әдістер, тәжірибелер» іс-шарасын өткізу, 2022-2023 оқу жылындағы директорларлардың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс қорытындылары және 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының жобасын жасау мәселелері қаралды.

Қорытындысында жұмыс тобының мүшелерінің жоғарыда айтылған сұрақтар бойынша ұсыныстар беру мерзімдері анықталып, шешімдер қабылданды.