Шет тілдері мұғалімдеріне арналған «Радуга идей» бейнесабақтар байқауының қорытындысы
09-06-2023 16:19
Шет тілдері мұғалімдеріне арналған «Радуга идей»   бейнесабақтар байқауының қорытындысы

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Радуга идей» бейнесабақтар байқауының қорытындысын шығарды.Байқаушет тілдері мұғалімдерінің кәсіби өсуін ынталандыру және әдістемелік шеберлігін арттыру мақсатында өткізілді. Байқауда шет тілі мұғалімдерінің 31 шығармашылық жұмыстары қаралды. Мұғалімдерге оқу бағдарламасының күрделі тақырыптары бойынша онлайн оқыту сабағын дайындау қажет болды. Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды: материалдың сабақтың жарияланған тақырыбына сәйкестігі; сабақтың тақырыбын ашудың толықтығы, мұғалімнің сабақ мақсаттарына жетуі; оқытудың белсенді әдістері-тәсілдерін қолдану; инновациялық технологияларды пайдалану; дизайн және түсіру сапасы; өзіндік ерекшелігі; шығармашылық даралықтың көрінісі; материалды кеңінен қолдану мүмкіндігі.

Келесі шет тілі мұғалімдері байқаудың жеңімпаздары атанды:

1 орын- Мешалкина Олеся Николаевна, Қарағанды қ. «№ 97 гимназия» КММ ағылшын тілі мұғалімі.

2 орын- Буякова Юлия Владимировна, Қарағанды қ. «№ 27 жалпы білім беретін мектеп» КММ ағылшын тілі мұғалімі.

2 орын-  Шветкая Елена Ивановна,  Нұра ауданының «Ш.Уәлиханов атындағы ОМ» КММ ағылшын тілі мұғалімі.

3 орын- Игликова Арайлым Бакытовна, Қарқаралы ауданы, Ақжол ауылының «№12 ЖББМ» КММ ағылшын тілі мұғалімі.

3 орын- Оразбаева Жанерке Төлегенқызы, Қарқаралы ауданы, Бесоба ауылының «№8 тірек мектебі (РО)» КММ ағылшын тілі мұғалімі.

Келесі мұғалімдер алғыс хаттармен марапатталады:

Шкенова Асемгуль Сейлхановна, Нұра ауданының «Шоқан Уәлиханов атындағы ОМ» КММ ағылшын тілі мұғалімі.

Сәдуова Ақбөпе Қайратқызы, Шахтинск қ. «Ә. Бөкейханов атындағы МЛ» КММ ағылшын тілі мұғалімі.  Қалған қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!