«Даму» шеберлер мектебі» жобасын жүзеге асыру шеңберіндегі мастер-класстар көрсетілімі
20-06-2023 09:15
«Даму» шеберлер мектебі» жобасын жүзеге асыру шеңберіндегі мастер-класстар көрсетілімі

     2023 жылдың 20 маусымында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі Қарағанды техника-құрылыс колледжінің базасында «Даму»  шеберлер мектебі» жобасын іске асыру шеңберінде мастер-класстар көрсетілімін өткізді.

    Бағдарламаға сәйкес іс-шара барысында облыс колледждерінің «Педагог-зерттеуші» біліктілік санаттары бар тәжірибелі педагогтері  тақырыптар бойынша мастер-класстарын көрсетті:

    - «Студенттердің қызығушылығын арттыратын мұғалімнің қосымша құралдары», Бекишева А.Х., «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК оқытушысы;

    - «Студенттердің стресске төзімділігін арттыру оқу мен жұмысқа орналасу табыстылығының маңызды факторы ретінде», Паныгина И.В., «Теміртау  көпсалалы  «Мирас» колледжі» ЖММ оқытушысы;

    - «Сиқырлы жіптен сәнді өрнек», Торебаева Г.Р., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК оқытушысы;

    - «Орыс тілі сабағындағы кәсіби бағыттағы үздіксіз мәтіндер», Байсаринова Т.А., «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы.

    Іс-шараға Қарағанды облысы колледждерінің 50-ге жуық педагогтері қатысты.