2023 жылғы 17 тамызда ZOOM платформасында Қарағанды облысының білім беруді дамытудын ОӘО әдіскері А.Д. Бугубаеваның төрағалығымен мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің облыстық және өңірлік қауымдастықтарының мүшелерімен отырыс өтті. Күн тәртібінде Қарағанды облысының «ӨРКЕН» мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтарының қоғамдық бірлестігінің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Отырыста ДО педагогтеріне оқу жылы ішінде консалтингтік әдістемелік көмекті ұйымдастыру және балабақшалардың жас мамандары үшін шеберлік сыныптарын әзірлеу, үздік білім беру тәжірибелерін таратуды қолдау, Қауымдастық мүшелерінің мүддесі үшін жұртшылықпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты жүзеге асыру, жас педагогтарды шығармашылық кәсіби қызметке тарту бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.