Размер шрифта:
Қарағанды облысының физика пәні мұғалімдерінің әдістемелік күні
18-08-2023 08:12
Қарағанды облысының физика пәні мұғалімдерінің әдістемелік күні

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2023 жылдың 18 тамызында онлайн режимде «Ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында физика пәні мұғалімдерінің әлістемелік күні өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:

Оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін игеру және оларды оқу үдерісінде жүзеге асыру арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Физика пәні мұғалімдерінің әдістемелік күні аясында келесі мәселелер қарастырылды:

- Қарағанды облысында ББД ОӘО  жұмысының нәтижелерінің талдауы;

- 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспары.

- 2022-2023 оқу жылындағы «Физика» пәнінің білім сапасының талдауы;

- құндылыққа негізделген білім беру;

- білім алушылардың білімін толықтыру нысандары мен әдістері;

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тәсілдері;

- физика сабақтарында сандық инфрақұрылым мен электрондық платформаларды қолдану.

Әдіскерлер, облыстың жетекші мұғалімдері және жас мамандары өздерінің тәжірибелерімен бөлісті:

Сулейманова Гульжазира Омирзаковна,Қарағанды облысында ББД ОӘО  әдіскері;

Бодыкова Алия Елубаевна,физика мұғалімдері қауымдастығының төрағасы, магистр,  Қарағанды қ., «№81 ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Бахыт Ойгорбай,Бұқаржырау ауданы білім бөлімінің әдіскері;

Глушковская Светлана Владимировна,Саран қаласы «№1 мектеп-гимназия» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Каирбекова Алмагуль Зекеновна,Нұра ауданы білім бөлімінің әдіскері;

Серикова Бибигуль Каирбековна,Нұра ауданы «С.Сейфуллин атындағы тірек мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі;

Кирюхин Дмитрий Анатольевич,Қарағанды қаласы «Григорий Потанин атындағы ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі.