Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2023 жылдың 18 тамызында онлайн режимде «Ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында физика пәні мұғалімдерінің әлістемелік күні өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
Оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін игеру және оларды оқу үдерісінде жүзеге асыру арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Физика пәні мұғалімдерінің әдістемелік күні аясында келесі мәселелер қарастырылды:
- Қарағанды облысында ББД ОӘО жұмысының нәтижелерінің талдауы;
- 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспары.
- 2022-2023 оқу жылындағы «Физика» пәнінің білім сапасының талдауы;
- құндылыққа негізделген білім беру;
- білім алушылардың білімін толықтыру нысандары мен әдістері;
- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тәсілдері;
- физика сабақтарында сандық инфрақұрылым мен электрондық платформаларды қолдану.
Әдіскерлер, облыстың жетекші мұғалімдері және жас мамандары өздерінің тәжірибелерімен бөлісті:
Сулейманова Гульжазира Омирзаковна,Қарағанды облысында ББД ОӘО әдіскері;
Бодыкова Алия Елубаевна,физика мұғалімдері қауымдастығының төрағасы, магистр, Қарағанды қ., «№81 ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі;
Бахыт Ойгорбай,Бұқаржырау ауданы білім бөлімінің әдіскері;
Глушковская Светлана Владимировна,Саран қаласы «№1 мектеп-гимназия» КММ физика пәнінің мұғалімі;
Каирбекова Алмагуль Зекеновна,Нұра ауданы білім бөлімінің әдіскері;
Серикова Бибигуль Каирбековна,Нұра ауданы «С.Сейфуллин атындағы тірек мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі;
Кирюхин Дмитрий Анатольевич,Қарағанды қаласы «Григорий Потанин атындағы ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі.