Бастауыш білім беру бойынша Қарағанды облысы педагогтері мен әдіскерлерге арналған Әдістемелік күн
21-08-2023 12:45
Бастауыш білім беру бойынша Қарағанды облысы педагогтері мен әдіскерлерге арналған Әдістемелік күн

2023 жылдың 21 тамызында Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдері мен аудан/қала білім бөлімдері әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн өтті.

 Әдістемелік күн жаңа оқу жылының басталуына орай әдістемелік көмек көрсету аясында ұйымдастырылды. Жұмыс барысында әдіскер Айтжанова Ж.А. 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстарға талдау жасап, проблемалар мен шешу жолдарын айтты. Мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің меңгерушісі Мукашева Г.Г. әдістемелік-нұсқау хаттың жобасын және 2023-2024 оқу жылын ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктерін атап өтті.

Қарағанды ​​қаласы білім бөлімінің әдіскері Исатаева Үміт Нұрсұлтанқызы, Қарқаралы ауданы Қазиева Зәмзагүл Өміртайқызы, Саран қаласы Абдраимова Ольга Николаевна, Ақтоғай ауданы Айбосынова Сәуле Әбілқызы, Бұқар ауданы Тлеубаева Айымгүл Қайырбекқызы, Осакаров ауданы Григорьева Анастасия Владимировна  өз тәжірибесімен бөлісті. Олар өз сөзінде педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыруға, жобалау-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, сабақты зерттеу, іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмысты ұйымдастыруға баса назар аударды.