Размер шрифта:
Қарағанды облысы педагогтеріне арналған әдістемелік күн
22-08-2023 17:39
Қарағанды облысы педагогтеріне арналған әдістемелік күн

     Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 22 тамызда ZOOM конференциясында  мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттардың, облыстың шет тілдер  пәні мұғалімдері және қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күн барысында ББД ОӘО әдіскері Н.С.Кусайынова 2022-2023 оқу жылында шет тілдері  пәні бойынша атқарылған әдістемелік жұмыстарға талдау жасап, 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

2023-2024 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша нұсқаулық-әдістемелік хат талқыланды.

Әдістемелік күн аясында Қарағанды қаласы білім бөлімі әдіскері Абеуова Салтанат Қоңыратбековна «Функционалдық сауттылықты дамытуда оқу стратегияларының тиімділігі» тақырыбында тәжірбиесімен бөлісті.

Әдістемелік күн 2023-2024 оқу жылына кері байланыстар, қортындылаумен аяқталды.