Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 22 тамызда ZOOM конференциясында мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттардың, облыстың шет тілдер пәні мұғалімдері және қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін әдістемелік күн өткізді.
Әдістемелік күн барысында ББД ОӘО әдіскері Н.С.Кусайынова 2022-2023 оқу жылында шет тілдері пәні бойынша атқарылған әдістемелік жұмыстарға талдау жасап, 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.
2023-2024 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша нұсқаулық-әдістемелік хат талқыланды.
Әдістемелік күн аясында Қарағанды қаласы білім бөлімі әдіскері Абеуова Салтанат Қоңыратбековна «Функционалдық сауттылықты дамытуда оқу стратегияларының тиімділігі» тақырыбында тәжірбиесімен бөлісті.
Әдістемелік күн 2023-2024 оқу жылына кері байланыстар, қортындылаумен аяқталды.