2023 жылдың 22 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында әдістемелік күн өткізді.
Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар 2023-2024 оқу жылында облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысын ұйымдастырумен танысты.
Одан кейін облыс колледждерінің жетекшіинженерлік-педагогикалық қызметкерлері тақырыптар бойынша өз іс-тәжірибелерін ұсынды: «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім» - Б.К.Жунусова, «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары; «Білім берудің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру даму бағдары ретінде» - М.О.Орынбасарова, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Іс-шара соңында оқу жұмыс жоспарларын бағалау бойынша жұмыс тобының жұмысы, ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды, қорытындылар шығарылды, жаңа оқу жылына тапсырмалар мен ұсынымдар шығарылды.
Іс-шараға облыс колледждері директорларының оқу ісі жөніндегі 53 орынбасары қатысты.