Инновациялық мектептер мен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттардың директорларына арналған әдістемелік күн
22-08-2023 16:38
Инновациялық мектептер мен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттардың директорларына арналған әдістемелік күн

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 22 тамызында инновациялық мектептер мен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттардың директорларына арналған әдістемелік күн өткізілді. Әдістемелік күн бағдарламасында 2023-2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту тұжырымдамасы, нұсқаулық-әдістемелік жазу жобасы бойынша миға шабуыл форматында жұмыс көзделген.  Сондай-ақ, 2022-2023 оқу жылындағы жұмысқа талдау және алдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспары ұсынылды.

Жұмыс барысында «Ziatkerlik modernizasia» жобасын іске асыру бойынша Қарағанды қаласының білім бөлімінің жұмыс тәжірибесі таныстырылды.

    Рефлексия нәтижелері бойынша ұсынылған материалдың білім беру ұйымдарының басшылары үшін құндылығы мен өзектілігі бар екендігі атап өтілді.