Кітапханашыларға арналған әдістемелік күн
25-08-2023 08:32
Кітапханашыларға арналған әдістемелік күн

      2023 жылдың 25 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханашыларынаарналған «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында әдістемелік күн өткізді.

Бағдарламаға сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері  Баймаганбетова Т.М. 2023-2024 оқу жылына арналған  облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысын ұйымдастырумен таныстырды, қатысушылармен  жұмыс жоспарын және кітапханашылардың деректер базасын қалыптастыруды талқылады.

Келесі кезекте «Шет агротехникалық колледжі» КММ кітапханашысы Аринова Г.А.«Рухани құндылықтарды насихаттауға кітапхананың рөлі» тақырыбында баяндама жасап, жас ұрпақтың бойында рухани құндылықтарды насихаттаудағы кітапхананың алатын орны мен маңыздылығын атқарылған түрлі іс-шараларды мысалға ала отырып көрсетті.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды, қорытындылар жасалып, жаңа оқу жылына тапсырмалар мен ұсынымдар шығарылды.

Іс-шараға облыс колледждерінің 26 кітапханашысы  қатысты.