Математика және физика оқытушыларына арналған әдістемелік күн
25-08-2023 09:57
Математика және физика оқытушыларына арналған әдістемелік күн

       2023 жылдың 25 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының математика және физика оқытушыларына арналған«Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында әдістемелік күн өткізді.

 Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар 2023-2024 оқу жылында облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысын ұйымдастырумен танысты.

      Одан кейін «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК  математика және информатика пәндерінің оқытушысы  Оськина Н.Н.және математика пәнінің оқытушысы Болат А.Қ.«Математика және информатика сабақтарында тәрбие беру компонентін жүзеге асыру»  тақырыбында баяндама жасады.

      Іс-шара соңында ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды, қорытындылар шығарылды, жаңа оқу жылына тапсырмалар мен ұсынымдар шығарылды.

Іс-шараға облыс колледждерінің 54 математика және физика оқытушысы қатысты.