«Шаштараз өнері» бағыты бойынша педагогтерге арналған әдістемелік күн
23-08-2023 09:03
«Шаштараз өнері» бағыты бойынша педагогтерге арналған әдістемелік күн

       2023 жылдың 24 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары «Шаштараз өнері» бағыты бойынша педагогтерге арналған «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында әдістемелік күн өткізді.

Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар 2023-2024 оқу жылында облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысын ұйымдастырумен танысты.

      Одан кейін «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері Коба И.П. «Шаштараз өнерінің инновациялық технологиялары» тақырыбы бойынша баяндама жасады.     

     Іс-шара соңында ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды, қорытындылар шығарылды, жаңа оқу жылына тапсырмалар мен ұсынымдар шығарылды.

Іс-шараға облыс колледждерінен «Шаштараз өнері» бағыты бойынша 10 педагог қатысты.