«Сервис» бағыты бойынша педагогтерге арналған әдістемелік күн
23-08-2023 12:20
«Сервис» бағыты бойынша педагогтерге арналған әдістемелік күн

      2023 жылдың  23 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының «Сервис» бағыты бойынша педагогтеріне арналған «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында әдістемелік күн өткізді.

Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар 2023-2024 оқу жылында облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысын ұйымдастырумен танысты.

      Одан кейін «Саран техникалық колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері Астахова И.С. «Колледж студенттерін ұлттық құндылықтар негізінде оқыту және тәрбиелеу» тақырыбы бойынша баяндама жасады.     

     Іс-шара соңында ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды, қорытындылар шығарылды, жаңа оқу жылына тапсырмалар мен ұсынымдар шығарылды.

Іс-шараға облыс колледждерінен 30 педагогі қатысты.