«Туризм, география және қауіпсіздік қызметтері» бағыты бойынша педагогтерге арналған әдістемелік күн
23-08-2023 12:29
«Туризм, география және қауіпсіздік қызметтері»   бағыты бойынша педагогтерге арналған  әдістемелік күн

       2023 жылдың 23 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының «Туризм, география және қауіпсіздік қызметтері» бағыты бойыншапедагогтеріне  арналған «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім» тақырыбында әдістемелік күн өткізді.

Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар 2023-2024 оқу жылында облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысын ұйымдастырумен танысты.

      Одан кейін «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК география пәні мұғаліміЛетяга В.Н.«Ұлттық құндылықтар - студенттерге білім мен тәрбие беру мазмұнының негізі» тақырыбында баяндама жасады.

     Іс-шара соңында ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды, қорытындылар шығарылды, жаңа оқу жылына тапсырмалар мен ұсынымдар шығарылды.

Іс-шараға облыс колледждерінің «Туризм, география және қауіпсіздік қызметтері» бағыты бойынша11 педагогы қатысты.