Арнайы білім беру ұйымдарының директорлары мен директорының орынбасарлары үшін әдістемелік күн
2023 жылдың 28 тамызында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы арнайы мектеп-интернаттар, балаларды қолдау орталықтары, психологиялық–медициналық-педагогикалық кеңесі, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің директорлары үшін әдістемелік күн өткізді.
Кездесу барысында 2023-2024 оқу жылының жұмысын ұйымдастыру, аутизм спектрі бұзылған балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілердің кәсіби өзін-өзі анықтауын психологиялық-педагогикалық көмек көрсету мәселелері талқыланды.
Әдістемелік күн жұмысының қорытындысы бойынша әр мәселе бойынша шешімдер қабылданды.