Арнайы білім беру ұйымдарының директорлары мен директорының орынбасарлары үшін әдістемелік күн
28-08-2023 16:11
Арнайы білім беру ұйымдарының директорлары мен директорының орынбасарлары үшін әдістемелік күн

      2023 жылдың 28 тамызында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы арнайы мектеп-интернаттар, балаларды қолдау орталықтары, психологиялық–медициналық-педагогикалық кеңесі, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің директорлары үшін әдістемелік күн өткізді.

          Кездесу барысында 2023-2024 оқу жылының жұмысын ұйымдастыру, аутизм спектрі 
бұзылған балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
тәрбиеленушілердің кәсіби өзін-өзі анықтауын психологиялық-педагогикалық көмек көрсету 
мәселелері талқыланды.

Әдістемелік күн жұмысының қорытындысы бойынша әр мәселе бойынша шешімдер қабылданды.