АНОНС
02-09-2023 15:31

Білім күні – кітаптардың, гүлдердің, достардың, күлкілердің, нұрдың мерекесі! Жаңа оқу жылын бастау үшін республика мектептерінің есігі тағы айқара ашылды! Дәстүр бойынша барлық білім беру ұйымдарында Білім күніне арналған салтанатты сап жиындар өтеді. Білім күнінің осы ұлы мерекесі мақтаныш пен қуанышқа толы. Өйткені, әр баланың білімі әрқайсымыздың болашағымыз, бұл еліміздің болашағы.

Ата-аналарды, мұғалімдерді, балаларды Білім күнімен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы баршаға жарқын және жемісті болсын, шығармашылыққа, қызықты және пайдалы қарым-қатынасқа толы болсын, балаларды да, олардың мұғалімдерін де рухани және интеллектуалды байытсын. 1 қыркүйек мерекесі әрқашан ұмытылмас, қуанышты және бір уақытта қызықты болып қала береді. Оқушылар мен ұстаздарға тек 1 қыркүйек қана емес, мектептегі барлық күндер қуанышқа толы болсын деймін. Жаңа оқу жылы баршаға жемісті және білімге, жаңалықтарға, шығармашылыққа және жетістіктерге бай болсын!