Қарағанды облысының жас педагогтеріне арналған информатика пәні бойынша «Жас-STAR» қашықтық олимпиадасы
28-09-2023 18:01

2023 жылдың 28 мен 29 қыркүйек аралығында ZOOM платформасында Қарағанды облысының жас педагогтеріне арналған «Информатика» пәні бойынша «Жас – STAR» олимпиадасын өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты жас педагогтердің шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтау және дамыту.

Олимпиада 2 кезеңде өтеді:

I-іріктеу кезеңі: 2023 жылғы 28 қыркүйек сағат 15:00 - 15:45 сағ.

II-финалдық кезең: 2023 жылғы 29 қыркүйек 15:00-16:45 сағ.