«The world of languages» VI облыстық байқауы
20-09-2023 08:05
«The world of languages» VI облыстық байқауы

      2023 жылдың 20 қыркүйегінде үштілде білім беру апталығы аясында Қарағанды облысында білімберуді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Қарағанды«Bolashаq»  жоғарғы колледжі ұйымдастырған»The world of languages» VI облыстық байқауы өтті.

Байқауға облыс колледждерінен тілдік емес мамандықтардың 27 студенті қатысты.

Байқау төрт кезеңде өткізілді:

- 1 кезең– Мәтін бойынша оқу сауаттылығын тестілеу.

Қатысушылар екі тілде(қазақ, орыс) оқу сауаттылығын анықтайтын мәтін және мәтін бойынша тестілеуден өтті.

- 2 кезең – Тыңдалым тесті. Қатысушылар ағылшын тілінде аудиожазба тыңдап, 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындады.

- 3 кезең – «Тіл білгірі» викторинасында үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) халықтардың салт-дәстүрлері, мақал-мәтелдер, логика, фразеологиялық бірліктер, идиомалар тақырыптары бойынша сұрақтар болды.

- 4 кезең – «Keepupwithme» супер-ойыны үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жалпы білім беру сұрақтарымен өтті.

Байқау кезеңдерінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын - Туребекова З.Б., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті;

2 орын – Елюбаев Р.,»Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ студенті

3 орын – Жақанов Н.М., «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК студенті.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.