«Шаштараз өнері» мамандығы бойынша оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасындағы облыстық кәсіби байқау
20-09-2023 09:31
«Шаштараз өнері» мамандығы бойынша оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасындағы облыстық кәсіби байқау

       2023 жылдың  20 қыркүйегінде  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Шаштараз» мамандығы бойынша «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы сервис және қызмет көрсету саласы бойынша кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты сервис және қызмет көрсету саласы бойынша ТжКОБ ұйымдарының талантты, дарынды шығармашыл педагогтерін анықтау, қолдау болып табылады.

Байқау бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.

Байқауға 4 педагог қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

1 орын – Абдсейтова Перизат Сагатовна,  «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері;

2 орын  -   Гельфанд Яна Алексеевна,  «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;

3 орын - Силина Лидия Ханыбековна, «Сервис» Колледжі» ЖММ өндірістік оқыту шебері.

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.