«Үздік жыл психологы» республикалық байқауының облыстық кезеңі
10-11-2023 16:19

Оқу-әдістемелік орталық 2023 жылдың 08-10 қарашасы аралығында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Үздік жыл психологы» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізеді.

Байқаудың мақсаты: талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру.

Байқауға келесі санаттағы колледж, мектеп, балабақша психологтары қатыса алады:

1) 1 санат - 3 -5 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтар;

2) 2 санат - 5 - 7 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтар;

3) 3 санат - 7 - жылдан астам еңбек өтілі бар психологтар.

Байқауға соңғы 3 жылда қатыспаған психологтар қатыса алады.

Байқау екі кезеңнен тұрады:

- І кезең облыстық (іріктеу);

- ІІ кезең республикалық (қорытынды).

Байқауға тек қана тәжірибеде қолданыста жүрген, апробациядан өткен нақты тәжірибелік қорытындысы бар жұмыстар ғана ұсынылады.

Республикалық байқаудың облыстық кезеңіне қатысуға өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 27 қазанға дейін жүзеге асырылады. Өтінімдер umc-ro@umckrg.gov.kz поштасы арқылы «Жылдың үздік психологы» белгісімен қабылданады.

Анықтама үшін байланыс телефоны:8 (7212)445614.