«Зейін» әлеуметтік - педагогикалық жобасы аясындағы шеберлік сабақтар
10-10-2023 17:34
«Зейін» әлеуметтік - педагогикалық жобасы  аясындағы шеберлік сабақтар

      2023 жылдың 10 қазанында Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен мамандандырылған мектеп-интернаттарының  және қалалық, аудандық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне ZOOM платформасы арқылы «ЗЕЙІН» ӘЛЕУМЕТТІК - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ аясындағы шеберлік сабақтары өткізілді.

Семинар барысында келесі педагогтер:

  1. Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласының «Нұркен Әбдіров атындағы тірек мектебі  (ресурстық орталық)» КММ мұғалімі Төлетай Айдана;
  2. Бұқар жырау ауданы  «Көкпекті ЖББМ» КММ мұғалімі  Жалелова  Мая Армиевна;
  3. Балқаш қаласы «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі Айтқұлова Гүлшара Серікқызы  шеберлік сабақ көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға облыстың 100-ден аса педагогтері қатысты.